Әйел – мейірбан әпкең, қадірлі қарындасың, аяулы адал жарың, сүйгенің, ең бастысы асыл анаң.
Әйел – отбасының тірегі, керек десеңіз ұлт тәрбиешсісі. Тәрбиенің басы тал бесіктен десек, осы бесікті ақ білегі талғанша тербейтін де әйел. Отбасының ұйытқысын да ұйытар ол әйел. Ертеңгі елдің ұландары мен қырандар алғаш осы әйел-ананың тәрбиесімен өседі, ер жетеді. Алтын ұяның жылуы аналардың аялы алақанымен, ақылымен беріледі.
Сонымен қатар, әйелдер қазіргі күні қоғамның қозғаушы күштерінің құдіреттері. Бүгінгі күні қоғамдық институттарда әйелдің аялы алақаны мен мейірлі мерейінің шуағы тимеген бірде бір жер жоқ. Қай салада болмасын ерен еңбектің үлгісін көрсетіп, қоғам дамуына қисапсыз күш қосуда. Жарқын жүзді аналар мен ай дидарлы арулар еселі еңбектермен ел экономикасын көтеріп, әлеуметтің әлеуетін арттырады.
Саран қаласының мемлекеттік мұрағатында 11 әйел қызмет атқарады. Әрбір әйелдің мақсаты мемлекетке қызмет жасау. Темирбекова Жанат Кажимуратовна - 2001 жылдың наурыз айынан бастап, «Саран қаласының мемлекеттік мұрағатында» КММ-де мұрағатшы болып қызмет атқарады. Мұрағатта жұмыс істеген аралығында өзін оң жағынан сауатты және атқарушы маман ретіңде көрсетті. Морозова Надежда Васильевна - 2001 жылдың ақпан айынан бастап, «Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ –де мұрағатшы болып қызмет атқарады. Қорларды толықтыру көздері болып табылатын мекемелермен тығыз байланыс жасап, оларға практикалық көмек көрсетіп отырады. Мұрағаттағы құжаттардың мемелекеттік есебін жүргізеді. Ведомоствалық мұрағаттарда сақталып тұрған құжаттарға тексеруді қадағалайды. Киикова Гульсим Косшибаевна - 2012 жылдың наурыз айынан бастап, «Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ –де Бас есепші болып қызмет атқарады. Өз жұмысында шаруашылық операцияларында жүргізілген барлық бухгалтерлік есептердің барысын бақылайды, бірлестіктің қаржы жағдайы туралы мәлімет, ақпараттар әзірлейді, бекітілген мерзімдерде мекеменің қаржы – шаруашылығына экономикалық талдау жасап, бухгалтерлік есептерін тапсырады. Қызметкерлер өз міндеттеріне өте жауапты қарайды. Халыққа қызмет етеді, қажетті мәліметтерді жинауға көмектеседі. Барлық жұмыстарын мерзімде орындайды.
Мұрағатымызда аңықтама бөлім бастығы болған Алифанова Галина Алексадровна және мұрағатшы Петренко Татьяна Мифодьевна жұмыстағы міндеттеріне адал ниетпен және жауапкершілікпен қарады. Қайрымды ұжыммен бірге жұмыс істей отырып зейнеткерлікке шықт. Осындай еңбегімен келер ұрпаққа үлгі болып қала бермек.
«Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ-нің
мұрағатшы Г.Мурзагожина