«9 мамыр Жеңіс күні» бұл күнді ешкім, ешқашан ұмытпайды. Осындай бақытты күнге жетіп, ашық аспан аясында өмір сүріп жатқанымыз, біздің ардагер аталарымыздың маңдай тері.
Ерлікпенен , жеңіс үшін, Отаны үшін жанын беріп, жауға қарсы тұрған жауынгер аталарымызға бас иіп, тағызым етеміз.
Ұлы Отан соғысына мыңдаған жастар аттанды.
       Биыл Ұлы Жеңістің 71 жылдығын тойлаймыз. Бұл айтулы дата миллиондаған адамдар үшін салтанатты да қайғылы болып келеді, ХХ ғасырдың ортақ тағдыр тәлкегіне ұшыраған және миллиондаған адамдардың өмірін қиған аса ауыр құбылыс.
      Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.
      «Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1941-1945 жылдардағы  Ұлы Отан соғысына қатысқан біздің жерлестеріміздің ерліктеріне айғақ болатын көптеген құжаттарды сақтап отыр.
      Саран қаласының  азаматтары   Жәкенов Қабыш Жәкенұлы, Исенов Машраб Исенұлы, Қожанов Жанғали Тәттіғалиұлы, Қарпықов Қарабай Жұманұлы,.Лысяк Алексей Дметриевич Ұлы Отан соғысы жылдарында қолдарына қару алып Кеңестік Отанды қорғауға қатысып КСРО-ның ордендері мен медальдарының иегері болды, сондай-ақ, соғыстан кейінгі Қазақстанның дамуына орасан зор еңбек сіңірген ардагерлердің құжаттары да сақталған.
     Осы жеке қорларда жинақталған құжаттардың құндылығы сол, онда әскери марапатқа ұсыну үшін жазылған марапаттау парақтары, Ұлы Отан соғысы кезеңінде туған-туыстары мен жақындары арасындағы қатынас хаттар, соғыс жылдарының фотосуреттері, ардагерлердің соғысқа дейінгі, соғыс жылдарындағы, соғыстан кейінгі кезеңдегі қызметтерін көрсететін құжаттардың бар болғандығында.
     Төменде, мысал ретінде Саран қаласының мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік сақталуындағы үлкен тарихи құнды құжаттардың тек кейбіреуі ғана беріліп отыр.
      Жакенов Қабыш Жакенұлы – 1909 жылы Ақмола Облысы, Ерментау ауданы, Блогадат ауылында дүниеге келген.1941 жылы Ұлы Отан соғысына Социалистік Совет Отанын қорғауға шақыртылған. Соғыста болған уақытында 1944 жылы 18 қыркүйек айында  үйне жазған хатында: Аға, Тәте! Аман жүріп жатырмын, Камышин қаласында танк мектебінде істеймін, денім сау, бірақ бұрынғыдай емес, өте жүдедім 4-5 күн госпитальда болып шықтым. Сондықтанба? қалай, ішкен асым сезбейді., госпитальға қайра барамын ба деп тұрмын. Мен хатты жазып жүрмін Сіздерден ешбір хабар болмағанға Жүрек налиды – деп – сарғайған арты арабша жазылған парақта жазған.  Бұл жазылып отырған хат ешқандай өзгертусіз, өз қалпында беріліп отыр. Осы мақалада жазылған кейіпкерлердің ұрпақтары өз аталарының хаттарын оқып, танысып үлкен әсер алады деген ойдамыз. Әр хаттың мазмұнына терең үңілетін болсақ, жас жауынгерлердің майдан да жүріп-ақ, туған елге деген сүйіспеншілігін, жасаған ерліктерін газет бетіне мақала етіп шығаруын өтінген. Осындай деректерге қарап, келешек жастардың Отанға, жерге, елге деген патриоттық сезімдерінің оянуына куәгер боламыз.
 Қазіргі кезде мұрағат мекемесі  Жәкенов Қабыш Жәкенұлы КСРО Кеңесінің Жоғарғы Президиумының Жарлығымен «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «1941-1945жж Ұлы Отан соғысының Германияны Жеңгені үшін» , «Венаны қоршаудағы ерліктік шабуылға қатысқандығы», «Тыңайған жерлерді игеру», «Еңбек ерлігі», «В.И.Лениннің туған күніне 100 жыл»   «Қорғаныс күшіне 60 жыл» мерекелік куәліктерінің құжаттарын сақтауда.   
      Саран қаласының соғыс ардагері -Лысяк Алексей Дмитриевичтің құжаттары мұрағатқа биыл өткізілді. Қазіргі кезде құжаттары өңделу үстінде. Лысяк Алексей Дмитриевич 1926 жылы 26 қыркүйек айында Сырдария  облысы, Қаған ауданы, Клинов селосында туған. 1943 жылы әскер қатарына шақыртылады. Соғыс ерлігінде Алексей Дмитриевич Ұлы Отан соғысының 2 дәрежелі «Соғыс ардагері» орденімен, 1941-1945жж Ұлы Отан соғысының Германияны Жеңгені үшін», «Еңбек ерлігі», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен, т.б. мараппаталған..
       Соғыста қаза болған ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтау, олардың рухына тағзым ету, соғыс және еңбек ардагерлерінің құжаттарына, газет материалдарына қарап өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу. Ал ең бастысы қазақ жерінде бейбітшілік пен ауыз бірлігімізді сақтау біздің, әрбір қазақ азаматының адамгершілік, азаматтық борышы.
Қазір ортамызда санаулы ғана қалған ардагер қарт аталар мен ақ жаулықты әжелерімізді Ұлы Жеңістің 71 жылдығымен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Соғыс болмасын, аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.
       «Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ –де Жәкенов Қабыш Жәкенұлы   жеке қорында,  6 бөлімнен тұратын құжаттар тіркелген.
1-ші бөлімде: өмірбаяны туралы құжаттар, оған  жеке парақ, еңбек кітапшасы, өмірбаяны, мінездемелер, марапаттау қағаздары.
Қоғамдық қызметтері жайлы бөлімде: куәлік, мандат, мүшелік және кәсіподақ кітапшалары, әскери билеті және қоғамдық қызметке байланысты материалдары. Сонымен қатар фотосуреттері, өзінің қолымен жазған естеліктері және Қ.Ж.Жәкенов туралы жазылған газеттегі мақалалар жиынтығы сақталып отыр. Міне осындай құнды, аса бағалы құжаттардың болашақ ұрпақ тәрбиесіне беретін мәні сөзсіз.

«Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұрағатшысы
Ж.К.Құрманалина