«Жергілікті өзін-өзі басқару және саяси шешімдер қабылдау бойынша оқыту бағдарламасы»
2026 жылғы 14–15 сәуір күндері Астана қаласында «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және саяси шешімдерді қабылдау үдерістерін нығайту» тақырыбындағы оқыту бағдарламасына Саран қаласының мемлекеттік архивінің басшысы, сондай-ақ қалалық «AMANAT» партиясы бастауыш ұйымының төрағасы А. Кулжанбеков қатысты. Бағдарлама аясында жинақталған білім мен тәжірибе алдағы қызмет барысында тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға негіз болады.