Саран  қаласының  мемлекеттік  архиві» КММ-нің  2020  жылға  арналған  жылдық  жоспар  бойынша  архив  қызметінің  дамытудың  негізгі  бағыттары мен нәтижелерінің  көрсеткіштерін  орындау  мақсатында  біраз  жұмыстар  атқарды.

Есептік  кезеңдегі Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  архив  қорының  құжаттарын  сақтауды  қамтамасыз  ету  мақсатында  қағаз  негізіндегі  490  істің  15938  парағы  реставрацияланды, 190  сақтау  бірлігі  тігілді. Сонымен  қатар,  жеке  құрам  бойынша  -153  сақтау  бірлігіне  физикалық-химиялық және  техникалық  өңдеу  жұмыстары  жүргізілді.  Қорлардың  қалыптасуына  орай  басқарушылық – 157  сақтау  бірлігі,  фотоқұжаттар-1, бейне құжат -1 сақтау  есебі, жеке  құрам  бойынша  -40  сақтау  бірлігі  мемлекеттік  сақтауға  архив  мекемеіне  қабылданды. Облыстық  басқарманың СТК-дан  492 сақтау  бірлігі,  жеке  құрам  бойынша  -103  сақтау  бірлігі, фотоқұжат - 9, бейнеқұжат -1 сақтау  есебі бекітіліп  архив  қорының  құрамына  енгізілді.

2020  жылы қор  каталогының есепке  алу  мәліметтері мен  архив  құрамының  көлемі  мен   төлқұжаты    бойынша  232-  қор, оның  ішінде   басқарушылық -32016 сақ.бір, жеке  тектік  қор  бойынша  - 269  сақ.бір,  жеке  құрам  бойынша -  84210 сақ.бір, фотоқұжат-53 сақ.бір,  бейнеқұжат – 10  сақтау  есебі бойынша  жалпы – 116558 құжат сақталуда.

Мекемеге  2020  жылдан  бастап  «Электрондық  архив»  АЖ  ақпараттық  кешенді  жабдығы мен  арнайы  сканер  құрылғылары   сатып  алынды.   Бүгінгі  күні  аса  құнды  құжаттардың  есебінен 116558  сақтау  бірілігінің  9  сақтау  бірлігінің 1900  парағы  электрондық  форматқа  көшірілді. Сонымен  қатар, архив  мекемесі өз  қызметін  автоматтандыру  мақсатында, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны енгізуіне байланысты, цифрлық технологияларды қолдану арқылы халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» («Е-архив») ақпараттық жүйесіне  енгізу  жұмыстарын  бастады. Оның  ішінде әлеуеттік  көздері  болып  табылатын -33  мекеме, 232- қор, 435- тізімдемесі  енгізілді. Сонымен  қатар,   

ақпараттық  іс  шараларды  өткізуде 1- семинар, 1-  дөңгелек  үстел,1- кездесу, өткізіліп,  2 стенды  жасалды, , БАҚ-қа облыстық, қалалық газетеріне 10- мақала  шығарылды. Архив  әлеуетті  толықтыру  дереккөзі  болып  табылатын  мекемелер мен ұйымдардың 32-  істер  номекнклатурасына әдістемелік  және  тәжірбиелік  көмек  көрсетіліп,  бекітілді.

Ақпараттық  қызмет  көрсету  және  құжаттарды  пайдалану  жұмыстары  бойынша  2020  жылғы  қаңтардан  22  желтоқсан  аралығында  1685  сұранысқа мемлекеттік  қызмет  көрсетілді. Оның  ішінде: ХҚКО арқылы – 737  сұраныс,- Egov арқылы-440  сұраныс,– қағаз тасығышта-508  сұраныс  орындалды, оның ішінде: (жеке  тұлғаларға –   254  сұраныс, заңды тұлғаларға – 254  сұраныс).  орындалды.

Архив  жұмысындағы  негізгі  бағыттарының  бірі -  жеке  және  заңды  тұлғалардан түсетін  әлеуметтік – құқықтық, тақырыптық өтініш сұраныстарға  жауап  береді. Өтініштерді  қабылдау  және  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша  архивтік  анықтамалардың  нәтижесін  беру, қызмет  алушы   мемлекеттік  архивтің  кеңсесіне  тікелей  жүгінген кезде, Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік  қоғамы  және  "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz  арқылы  құжаттарды  тапсырған  сәттен  бастап , 11 (он  бір)  жұмыс  күн  ішінде  беріледі. Келіп  түсетін  өтініштердің  басым  көпшілігі зейнеткерлікке шығу үшін  қызмет жолы туралы еңбек өтілін анықтауда, еңбекақыны есептеу, және  жер бөлу туралы шешімдердің көшірмесін алу мақсатында, т.б. өтініштер тек Қазақстанда ғана емес , жақын және алыс шет елдерден де түсіп жатады.

 «Архив анықтамаларын беру» мемлекеттік қызметі сапалы болу және уақытылы қызмет көрсету мақсатында, ХҚКО-мен бірлесіп мемлекеттік  қызмет  көрсету  бойынша -5 семинар  өткізілді. «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышы  ашылды.    

Сонымен  қатар,  «Архивтік  анықтамаларды  беру» ақпараты  бойынша 1 бейнеролик  жасалып,  Саран қаласы әкімдігінің алдындағы басты алаңда қала ледэкранында көрсетіліп, Facebook ресми парақшасына орналастырылды.

Осы  жылғы  achivsaran.kz   ақпараттық  сайтында -8196 қаралым болып,  үнемі хабарламалармен, мақалалармен, фотосуреттермен  толықтырылып, сондай – ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерде тұрақты түрде ақпарат жаңартылып тұрады. Архив  қоймасындағы құжаттарын пайдаланушыларға   12083  құжат берілген.

Саран  қаласының архивінің  2020  жылғы  бюджеті 30 млн қаржы бөлінді.  Оның  іщінде  қызметкерлердің еңбек  ақы  жалақысына – 22 млн, қалаған 8 млн коммуналдық қызметтерге, т.б.  қызметтерге жұмсалды.  Материалдық  техникалық базаны  нығайтуға және   Рухани  жаңғыру «Цифрлы  Қазақстан»  бағдарламасы  аясында  қосымша облыстық  бюджеттен  5 млн  832 мың қаражат  бөлінді. Осы  бөлінген  соммаға  «Электрондық  архив»   ақпараттық кешенді  жабдықтары  сатып  алынды.  Бөлінген  қаржылар   дер  кезінде  игерілді.

Архив  қызметкерлері  архив  қызметінің  барлық  бағыттары  бойынша  белсенді  жұмыстар  атқаруда. Архив  қызметі  саласында  ел  игілігі  үшін  жасалатын  жұмыстар  алдағы  уақытта жоспарға  сай  жалғаса  бермек.

САРАН  ҚАЛАСЫНЫҢ  МЕМЛЕКЕТТІК  
АРХИВІ» КММ – НІҢ
БАСШЫСЫ   АЙДЫН  КУЛЖАНБЕКОВ