«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

 

Мемлекеттік рәміздер қоғамның саяси мәдениетінің бөлігі болып есептеледі, елдің рухани дамуына, идеалдық-адамгершілік мәдениетіне және тәуелсіз идеясының дамуына әкеледі. Мемлекеттік рәміздерді өзінің Отанына қызмет етуге, ізгілікке, тарихты құрметтеуге және халықтың дәстүрлерін сақтауына бағытталған.

Рәміздер Егемендік Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттің идеологиясын, оның тарихи дамуын және, философиясының негізгі бағыттарын айқындайды. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев белгіленгендей «Барлық уақыттың және барлық халықтың мемлекеттік рәміздері мемлекеттің тәуелсіздігі мен шоғырлану негіздемесі болған».

Саран қаласының мемлекеттік архивінде –Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнінің 25 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.Биыл рәміздер күні қарсаңында архив ғимаратында Ұлттық рәміздерді насихаттау, мемлекетіміз үшін маңызды күн екенін еске салудың бір жолы.

Сондай-ақ архив ұжымында «Мемлекеттік рәміздер- ұлттық мақтанышымыз» атты дөңгелек үстел басындағы әңгіме өткізілді.Іс-шара барысында архив басшысы Айдын Кулжанбеков сөз сөйлеп, Отанымыздың айырықша белгілері, оны қастерлеу әрбір Қазақстан Республикасы азаматының айнымас борышы екендігі туралы әңгіме жүргізді. Мемлекеттік рәміздер- мемлекеттілігіміздің , тәуелсіз ел екендігіміздің айырықша белгілері.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы аясында өткізіліп отырған іс-шара Қазақстандықтардың бойында отансүйгіштік сезімін нығайтуға тиіс екендігін айтты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай сағат 11.00-де барша Қазақстандықтармен бірге қалалық архив ұжымы да Мемлекеттік Әнұранымызды бір уақытта шырқауға қатысты.Іс-шараға қатысу-мемлекетімізге деген құрметтің белгісі.

Саран қаласының КММ-нің мемлекеттік архиві

архивші Г.С. Мурзагожина