2018 жылдың 11 қазан айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –де Президент Жолдауын талқылау бойынша  дөңгелек үстел өткізілді.

2018 жылдың 5 қазан күнi Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы тыңдалды. Жолдауда қазiргi таңда өзектi  мәселе  болып отырған елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрi жақсартуға бағытталған жұмыстар жайында сөз болды. Саран қаласының  архивiнiң  ұжымы бүкiл елiмiзбен  бiрге жыл сайын болатын Жолдауын мұқият тыңдады.

Дөңгелек үстел отырысында  жоғарғы санатты архивші Уалибекова Ардақ Зейноллақызы жолдау бойынша түсіндіріп өтті. Өз баяндамасында ол  жолдаудың  барлық ережелері бойынша толықтай айтып өтті, негізгі тетіктер бойынша арнайы тоқталды.