2024  жылғы  24  сәуірінде  Саран қаласының  мемлекеттік  архивінің  жеке  жоспары  бойынша  Саран  қаласының Прокуратурасымен бірлескен  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы   жұмысты  қалыптастыру  мақсатында  архив  қызметкерлеріне сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық  қағидаттарын  насихаттау  бойынша «Жемқорлық індет –жою міндет» атты  дөңгелек  үстел  өткізілді.

Бұл отырысқа  Саран қаласының  прокуроры  Қапар  Исламхан  Сейітханұлы  қатысты.  Отырысты  ашқан  архив басшысы  Айдын Кулжанбеков ҚР Президенті Қасымжомарт  Тоқаевтың өз Жарлығымен  ҚР 2022-2026 жылдарға бекітілген  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  саясатының  тұжырымдамасының  маңыздылығын  атап   өтті.

Өз  кезегінде  прокурор  Қапар  Исламхан  Сейітханұлы  сыбайлас  жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болып табылатындығын, оған әрбір азаматтың ортақтасуы   қажеттігін баса айтты. Аталған пікірді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жауапты  жоғары санатты архивист  А.З.Уалибекова  бұл бағытта ай сайын іс шара өткізілетіндігін үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын  түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмдерін нығайту, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі  сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  насихаттау туралы   пікір алмасты.