«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТЕГІ ҚОҒАМНЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

 

   2025 жылғы 13 маусымда Саран қаласының мемлекеттік архивінде «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрестегі қоғамның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел

ұйымдастырылды. Іс-шараға  Саран қаласының прокуратурасының прокуроры –

Нұрсұлтанов Айбол Сағынайұлы,  Саран газетінің тілшісі Д.Әбдіғалиева және №7

мектеп мұғалімдері, қатысты. Отырысты ашқан архив басшысы А.Кулжанбеков

мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық

бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауды

атап өтті.Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін

толғандырған сұрақтарын қойып, қоғамдағы адалдық қағидаттарын нығайту

мәселелерін талқылады.