2026 жылғы 24 ақпанда Саран қаласының мемлекеттік архиві мен қалалық тілдерді дамыту орталығы бірлесіп, Әкімдікке қарасты 13 бөлім қызметкерлеріне арналған
«Құжаттарды өңдеу және жекелеген (ведомстволық) архивтерді қалыптастыру» және «Тіл және көрнекі ақпарат: Мемлекеттік талаптар. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресми ақпаратты орналастыру ережелері»тақырыбында семинар өткізді.Семинарды архив басшысы А. Кулжанбеков ашып, архив ісінің маңыздылығы мен құжаттарды талапқа сай жүргізудің өзектілігіне тоқталды.
Іс-шара барысында:
✔ құжаттарды уақытылы өңдеу, сақтау
✔ ведомстволық архивке құжаттарды тапсыру тәртібі
✔ құжаттаманы жүйелеу мәселелері талқыланды.
Семинар қатысушылар тарапынан өзара пікір алмасу форматында өтті.
Саран қаласында архив ісі мен тіл саясаты бойынша семинар ұйымдастырылды
- Просмотров: 7






