
СОВЕТОВА ЗАМИРА АШИРАЕВНА
06.16.1983
Советова Замира Ашираевна 1983 жылғы 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Машат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы «Тарих және география» мамандығы бойынша Оңтүстік Қазақстан ашық университетін бітіріп, «Тарих және география мұғалімі» біліктілігін алған. 2010 жылдың мамыр айында «Құқықтану» мамандығы бойынша Академиялық инновациялық университетін аяқтаған. 2019 жылғы 2 мамырда архивқойма меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушы лауазымына қабылданған. 2020 жылғы 2 қарашадан бастап ауыстыру тәртібімен архивқойма меңгерушісі лауазымына тұрақты жұмысқа қабылданған.Архив саласында жұмыс істеу кезеңінде өзін жауапты әрі адал маман ретінде көрсетті. Архив қорларымен және құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын меңгерген, архив материалдарының тиісті есебін жүргізу мен сақталуын қамтамасыз етеді. Ұжымның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады.
Ұжымда құрметке ие, жауапкершілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен және жоғары еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Қызметтік міндеттерін сапалы және белгіленген мерзімде орындайды, бастамашылдық пен жауапкершілік танытады.






