2018 жылғы 16 наурызда «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ - нің қызметкерлері Саран қаласының Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - "халыққа қызмет көрсету орталығы" Департаментінің мамандарына «Архивтік анықтамаларды беру» туралы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мен стандарты бойынша түсіндірме семинарын өткізді.

Семинар барысында  архив басшысы О. С. Алексеева   2018 жылғы «Архивтік анықтамаларын беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары туралы түсіндірді. Сонымен қатар өтініштер дұрыс толтыру және  egov.kz «электрондық  үкімет» арқылы өтініш беру тәртібімен таныстырды.

 

 Архивтің мемлекеттік қызмет көрсету бөлім басшысы О.С.Алексеева мемлекеттік қызметтер көрсету жөнінде ХҚКО мамандарымен қойылған сұрақтарына толық жауап  берді.

       Семинар соңында келесі шешім қыбалданды: халық арасында түсіндіру жұмыстарын жандандыру, ХҚКО және ЭҮП арқылы «Архивтік анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру.