2018 жылғы 15 қазан айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –сі және «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ -мен бірлесіп «Латынша жазып дағдыланайық» атты семинар - кеңес өткізді.
   Мақсаты: Елбасының жолдауын  насихаттау. Архивте  сақталған  латын әріпімен жазылған құнды құжаттармен таныстыру.

Семинарға №7 мектебінің мамандары мен архив қызметкерлері қатысты.

Семинар - кеңесті «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің басшысы А.Кулжанбеков ашты. Саран қаласының тілдерді тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Шакенова және Б.Жарылгапова латын әліпбиіне көшудің артықшылықтарын түсіндіріп, қазақ тіліндегі үндестік заңдылықтарына байланысты енгізілетін ережелер жасалып жатқандығы туралы айтты.

          Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің басшысы А.Кулжанбеков «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің  маңызы» атты баяндама оқыды.

        Семинар барысында архив қорларында сақталған 1930-1940 жылдар аралығындағы  құжаттарынан көрме жасақталып, көпшілік назарына ұсынылды

«Семинар-тренингке қатысушылар «Латынша жазып дағдыланамыз» практикалық бөлігіндегі тапсырмаларды қызығушылықпен орындады, сондай-ақ орыс және шет тілдерінен енген сөздердің жазылуы және жаңа қазақ әліпбиіне енбеген әріптермен келетін сөздердің жазылуы төңірегінде пікір алмасты.