2020 жылдың 08 қаңтар айында Саран қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі мекемесімен бірлескен «Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде іс қағаздарын жүргізу және аударма мәселелері" атты семинар өткізілді.
Семинарға Саран қаласының білім бөліміне қарасты мекемелердің іс жүргізушілері қатысты. «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің жоғарғы санатты архившісі А.З.Уалибекова ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын түсіндіріп іс қағаздарын жүргізуде ведомстволық архивке істерді дайындау, қалыптастыру, құжаттарды тапсыру бойынша баяндама оқыды.
Семинар қатысушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты