"Саран қаласының мемлекеттік  архиві" КММ Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері –
М.Г. Амансарина және Г. С. Мурзагожина 2020 жылдың 24 қыркүйегінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Саран қаласының бөлімінде семинар өткізді.
Күн тәртібінде "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру"мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін түсіндіру бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Семинар барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып өткізілді.