Ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында, мемлекеттік архивпен 13.01.2021 жылы Қарағанды облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ филиалының Саран қалалық бөлімінде "Архивтік анықтамаларын, архивтік құжаттарының көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету Ережесі туралы семинар өткізілді.

Артық құжаттарды талап етуді болдырмау, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің қатаң бекітілген қағидаларын басшылыққа алу, сканерленген құжаттарды тіркеуде мұқият болу, сондай-ақ құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша негізгі проблемалар қаралды.

.