2022 жылы 08 ақпан айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ -нің жеке жоспарына сәйкес жоғары санатты архивист А.З.Уалибекова "Саран техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне әдістемелік – тәжірбиелік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілерімен, құжаттарды ведомстволық архивтердің қабылдауы, оның ережесі, сараптама жүргізу, тізімдеме түзу, тарихи анықтама құру, жою актісін жасау, құжаттарды пайдаланудың тәртібі туралы, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оның талаптарымен және де мекемедегі құжат айналымы, істерді қалыптастыру, рәсімдеу, істер номенклатурасын құру, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, құжаттарды мекеменің ведомстволық архивіне өткізу тәртібі туралы жан-жақты түсіндірді.