2025 жылы 13 ақпан айында Саран қаласының мемлекеттік архивінде «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне қосылған мемлекеттік мекемелер, модулдерге «Істер номенклатурасын» енгізу туралы сабақ өткізілді. Сонымен қатар, құжаттарды уақытылы өңдеу мен сақталуына және ведомстволық архивке құжаттарды тапсыруға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Семинар сабақты архив басшысы А.Кулжанбеков ашты. Бөлім басшысы О.С.Алексеева мен архив қоймасының меңгерушісі З.А.Советова қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Саран қаласының әкімдігі, Ақтас кенті әкімдігінің және әкімдікке қарасты 12 мемлекеттік мекемелердің жауапты 13 маман қатысты.