2026 жылғы 25 ақпанда «Саран қаласының мемлекеттік архиві» мен «Тілдерді дамыту орталығы» бірлесіп қалалық прокуратура, сот, кірістер басқармасы және өзге де мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне арналған – «Құжаттарды өңдеу және жекелеген (ведомстволық) архивтерді қалыптастыру» атты семинар өткізілді.
Семинар барысында мемлекеттік органдар қызметіндегі құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру, құжаттарды талапқа сай ресімдеу және сақтау, өңдеу, ведомстволық архивке құжаттарды уақытылы тапсыру мәселелерінің өзектілігі атап өтілді.
Іс-шара өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.







