2026 жылғы 09-10 сәуірде «Саран қаласының мемлекеттік архивінде» білім бөліміне қарасты мектеп пен балабақша директорлары және іс-жүргізу мамандарына арналған «Құжаттарды өңдеу және жекелеген (ведомстволық) архивтерді қалыптастыру» тақырыбында екі күндік семинар сабақ өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымын дұрыс ұйымдастыру, құжаттарды талапқа сай ресімдеу, сақтау және өңдеу, сондай-ақ құжаттарды ведомстволық архивке уақытылы тапсыру мәселелерінің өзектілігі атап өтілді. Семинар өзара пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
«Құжаттарды өңдеу және ведомстволық архивтерді қалыптастыру бойынша семинар»
- Просмотров: 10






