2018 жылғы 16 наурызда "Саран қаласының мемлекеттік архиві" КММ-нің қызметкерлерімен «Халыққа қызмет көрсету орталығы» –Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының мамандарына "Архив анықтамаларын беру" мемлекеттік қызмет стандарты мен регламентін түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Оқыту семинары барысында Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Алексеева  Ольга  Сергеевна  2018 жылғы "Архивтік анықтамалар беру" мемлекеттік қызмет стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

Сондай-ақ, "электрондық үкімет" egov.kz арқылы өтініштерді қалай дұрыс ресімдеу және өтініштерді беру тәртібі туралы ақпарат берді.