2019 жылы 23 мамыр айында «Саран қаласының архиві» КММ «Нұр Отан» партиясы Саран қалалық филиалы ғимаратында қала тұрғындары үшін «Архивтік анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізді.

Көрсетілетін қызметалушылардың өздерін қызықтыратын мәселелері аясында білікті көмек алу мүмкіндігі болды. Қала тұрғындарының сұрақтарына архив басшысы А. Кулжанбеков және бөлім басшысы О.С.Алексеева түсінік берді. Берілген уақыт ішінде архивтік анықтамалар алу сұрақтары бойынша 10 адам келді. Сонымен бірге архив басшысы А. Кулжанбеков келушілерге «архивтік анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, коммерциялық емес акционерлік қоғам, (ХҚКО) және «электрондық үкімет» вебпорталы (www. egov. kz) арқылы қалай алуға болатынын түсіндірді.

Барлық келушілер «архивтік анықтамалар беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселесі жөнінде ақпарат сапасына қанағаттанды.

«Саран қаласының архиві» КММ «Ашық есік күнін» әрі қарай тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.