«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері М.Г.Амансарина мен Г.С.Мурзагожина «Азаматттарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Саран қаласының бөлімінде 2020 жылдың 24 қыркүйегінде семинар өткізді.

Күн тәртібінде түсіндіру жұмыстары бойынша "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қатысты туындаған бірнеше сұрақтар талқыланды. Семинар барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды.