2021 жылғы 09 ақпан айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің жұмыс сапасын арттыру мақсатында жеке жоспар бойынша ««Е-Әкімдік» базасымен жұмысты ұйымдастыру» атты оқыту түсіндірме сабағы өтті.

2 санатты архивші Г.С.Мурзагожина оқыту түсіндірме сабағына қатысушыларға «Е-әкімдік» базасына сұраныстар қалай енгізілетіндігі туралы слайдпен рет – ретімен баяндап берді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсетуде «Е-әкімдік» базасында туындайтын мәселелер қаралды. Электронды формада қанша түрлі жолмен өтініштер түседі?, Канцелярия арқылы қандай өтініштер тіркеледі?

деген сұрақтар қойылды. Осы қойылған сұрақтар бойынша Г.С.Мурзагожина Электронды түрде ПЭП және ЦОН арқылы түсетінін және Қағаз түрінде Ресейден, алыс – жақын шетелдерден, мемлекеттік органдардан, жеке нотариустардан, адвокаттардан т.б. түсетіндігін архив қызметкерлеріне түсінідіріп өтті.

Қорыта келе, Архив басшысы А.Кулжанбеков «Е-әкімдік» базасын барлық архившілер жетік меңгеру керектігін, базаны өте мұқият қадағалап, тиянақты, қатесіз, уақытылы енгізуді айта келе, өткізілген оқыту түсіндірме сабағын - жоғары деңгейде өткізілгендігін атап өтті