«Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі»

Әйел-Ана ұлтымыздың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне, бір сөзбен айтқанда ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, дарытушы, дамытушы.

«Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ» - деген Елбасымыздың сөзі ұлттық салт-дәстүріміздің ерекшелігін айғақтайды.

Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

Барша аналар мен қыз-келіншектерді және «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің ұжымын 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күнімен  шын жүректен құттықтаймыз!

Әрқайсыларыңыздың жеке бастарыңызға да, отбасыларыңызға да бақыт құсы ұясын салып, баянды ғұмыр сыйласын. Сіздердің сұлу бейнелеріңіз бен әсем күлкілеріңіз біздің өмірімізді көріктендіріп, қуаныш сыйлай берсін. Сіздер жүрген ортада әрқашан амандық, береке-бірлік, өзара сыйластық пен шынайы сүйіспеншілік салтанат құрсын!

Көктем айының шуақты күндері жанұяларыңызға құт-береке, нәзік сезім, шуақты көңіл-күй, тәндеріңізге саулық, жандарыңызға рахат сыйласын.


«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің Бас есепшісі Киикова.Г.К