Блат Иван Владимирович 1936 жылы 29 шілде күні Көкшетау облысы, Келлер ауданы, Краснокаменка ауылында туған. 1960 жылы  «Саранкөмір»  тресінің  107-108  шахтасына  нұсқаушы-тәжірибеші  қызметіне тұрған.1962 жылғы қарашадан Саран қаласындағы Спорт мектебінің директоры болып тағайындалып, ол жерден 2008 жылы еңбек демалысына шыққан.
1964 жылы Қазақ мемлекеттік Дене тәрбиесі институтына сырттай оқуға түсіп  және  1969 жылы «жаттықтырушы-оқытушы» мамандығы бойынша бітірген. Оның тікелей қатысуымен қаладағы спорт мектебінің ғимараты, жүзу бассейні салынды.
1970 жылы   «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды
1973 жылы «Халыққа білім беру озаты» белгісімен марапатталды.
1983 жылы «Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.
1999 жылдан - Саран қаласының құрметті азаматы.
Үйленген, екі баласы, немерелері бар.