Ешмағамбетов Болат Ешмағамбетұлы 1934 жылы 23 ақпан айында Көкшетау облысы, Рузан ауданы, Жаманшұбар ауылында шаруа отбасында туған. 1953 жылғы Қарағанды политехникалық институтына оқуға түсіп, айтылған институтты 1958 жылда бітіріп, инженер электормеханик мамандығын алады. 1958 жылғы институт жолдамасымен «Ленинкөмір» тресінің №19 шахтасына жұмысқа түседі. 1960 жылғы «Қарағандыкөмір» комбинатының бұйрығымен №101 шахтасына, кейіннен «Соқыр» шахтасына тау-кен құралдарын автоматизациялау және механизацияландыру инженері болып  ауысады. Осы  шахтада  автоматизацияландыру инженері, бөлімінің механигі, бас механиктің орынбасары, шахта кәсіподағының төрағасы  болып  жұмыс  істейді. 1973 жылғы Саран қалалық халық депутатынның атқару комитетінің төрағасының бірінші орынбасары болып сайланады. Осы жұмыста 17 жылдан астам уақыт қызмет атқарады және 1991 жылы «Соқыр» шахтысының  директорының  көмекшісі  қызметіне  ауыстырлады. 1996 жылғы  Саран  қаласы  әкімінің  кеңесшісі қызметіне  ауысады. 1999 жылғы  Саран қалалық Мәслихатының депутаты болып сайланады және 1 сессияда қалалық мәслихат  хатшысы болып тағайындалады. 2003 жылы үшінші шақырылымның қайтадан депутат және Саран қалалық мәслихатының  хатшысы  болып  сайланады.
«Құрмет белгісі» орденімен, 1 және 2 дәрежелі «Шахтер ерлігі» белгісімен «Еңбек озаты үшін», «Еңбек ардагері», министрліктер мен ведомстволардың құрмет грамоталарымен марапатталды.
Қажырлы еңбегі үшін«Ерен енбегi үшiн» медалімен марапатталды.
«Қазақстан Республикасы Парламентiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының  Тәуелсiздiгiне 10 жыл», «Қазақстан  Республикасының  Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалдарымен марапатталды.
Үйленген, балалары және немерелері бар.