Мұрағатқа  Саран қаласының бір көшесінің атауымен аталатын қазақтың қара баласы автобаза  бекеті мекемесіне еңбегі сіңген, Ұлы Отан соғысының ардагері – Жәкенов Қабыш Жәкенұлының 2015 жылғы ақпан айында інісі  Габидулла  Кабышевич жеке түпнұсқа бойынша жинақталған құжаттарын  өткізді.
      Жәкенов Қабыш Жәкенұлы  1909 жылы Ақмола облысы, Ерментау ауданы, Блогодат ауылында шаруа отбасында туған.Ұлты – қазақ.Жоғарғы білімі бар. 1943 жылы  СОКП мүшесі.1932 жылы агромеханизатор  техникумының  автомеханика  мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1943 жылы Камышинск танк училищесін бітірген, сонымен қатар, 1950 жылы Алматы қаласында Республикалық ЦК КПК партиялық мектепті бітірген,1953 жылы «Абай» атындағы Қазақ педогогикалық мемлекеттік институтын  сырттай бітірген.        
      Өзінің еңбек жолын 1928 жылы хатшысы Орджникидзе атындағы колхоздың басқарма мүшесі, колхоздың құрылып, бекінуіне белсенді еңбек атқарған, жүргізуші, комбайнер, тракторист болып жұмыс жасаған, 1934 жылы  Павлодар облысының Баян – Ауыл ауданының МСС директоры болған, 1936жылдан бастап,Қарағанды облысының денсаулық сақтау бөлімінің кадр бөлімінің орынбасары болып жұмыс істеген, 1941 жылыҰлы отан соғысына Социалистік Совет Отанын қорғауға шақыртылғын. Соғыста болған уақытында 1944 жылы 18 қыркүйек айында үйіне жазған хатында: Аға, Тәте! Аман жүріп жатырмын, Камышин қаласында танк мектебінде істеймін, денім сау, бірақ бұрынғыдай емес, өте жүдедім, 4-5 күн госпитальда болдым, мен хатты жиі жазып жүрмін Сіздерден  ешбір хабар болмағанға жүрек налиды- деп – сарғайған  арты жағы арабша жазылған парақта жазған. 

      Соғыстан кейін  30 – жыл бойы Қарағандыкөмір бірлестігінің Саран қаласының дамуына үлкен үлес қосып,автобазасында қызмет атқарған. 1945 - 1952 жылдары 7 жыл бойы Қарағанды облысының  еңбекшілер кеңес депутатының  бөлім бастығының орынбасары, Шахтинск ауданының еңбекшілер кеңесінің төрағасы, бірнеше рет аудан депутаты болып сайланған,  қалалық және аудандық кеңес депутаты, Қазақстан КП және қалалық және аудандық Пленум мүшесі болып сайланған. 1970 жылы зейнеткерлікке шықты. Үйленген.  Жұбайы Галина Жакенова 1915 жылғы, 9 баласы және немерелері бар.
1982 жылы қайтыс болды.                                                                                         Қызметте алған атақтары КСРО Кеңесінің Жоғарғы Президиумының Жарлығымен «Құрмет белгісі» № 2665735 орденімен марапатталуы
А № 181012, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген «1941-1945жж Ұлы Отан соғысының Германияны жеңгені үшін» берілген мерекелік медаль куәлігі, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген «Венаны қоршаудағы ерліктік шабуылға қатысқандығы» үшін мерекелік медаль куәлігі, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген «Тыңайған жерлерді игеру» үшін мерекелік медаль куәлігі , «1941-1945жж Ұлы Отан соғысының жеңісіне жиырма жыл»  мерекелік медаль куәлігі, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген «Еңбек ерлігі» Ж № 546270 мерекелік медаль куәлігі, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген «В.И.Лениннің туған күніне 100 жыл» толуын құрметпен атап өткізуде Қажырлы еңбек мерекелік куәлігі, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген«1941-1945жж Ұлы Отан соғысының жеңісіне отыз  жыл»  мерекелік медаль куәлігі, КСРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының  Жарлығымен берілген «КСРО Қорғаныс күшіне 60 жыл» мерекелік медаль куәлігімен марапатталған.
       2001 жылғы  23 қаңтардағы ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару туралы» Заңына,1993 жылғы 08 желтоқсандағы  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрлысы туралы» Заңына сәйкес, ономастикалық комиссияның мәліметтерін ескере отырып, бірлескен әкімдіктің Қаулысы мен маслихат шешімі негізінде Саран қаласының әкімдігі Қаулы етеді және Саран қалалық мәслихаты шешті:
      Кеңес көшесінің атауы өзгертіліп, Қабыш Жәкеновтің аты берілген. Сонымен қатар, Саран қаласының аймағына сіңген Құрметті азаматы ретінде шешімі  қағаз жүзінде берілмеген, Саран қаласының мәслихатынан сұрастырғанда тізімде жоқтығын хабарлады, тек ғана, Құрмет белгісі 1971 жылы берілген, сонымен қатар, Жәкенов Қабыш Жәкенұлының атына Саран қаласында бірінші рет көшенің атына берілген шешімі ғана бар.