1922 жылы 27 желтоқсанда Ақмола облысы,Ақмола ауданы, Жапақ ауылында дүниеге келген. 1938 жылы жеті жылдық мектепті бітіріп , соғыс жылдарын «минометчик» ретінде
І кавалерлік полкында бастайды. Алты ай дайындықтан өткен соң, 1942 жылы Украйна фронтына жіберіледі. Бір аптадан соң полк таратылып,     Қарабай аға маршал Тимошенконың әмірімен ІІ – кавалерлік полкы ІІІ –армиясының 18-ші девизиясына келіп түседі. Қарабай Жұманұлы «Біресе артқа шегініп, біресе алға жылжып, Варшаваға жақындадық » 1945 жылы 6 мамыр күні Прага қаласында келіп, жауласу барысында қаланы босаттық» - деген еді.
     1946 жылы Қарағанды қаласына келіп, көп жылдар бойы көмір өндірісінде жұмыс істейді,1972 жылы 107 шахтадан зейнетке шығады.
     Қарабай Жұманыұлы І –дәрежелі Ұлы Отан соғысын.ың орденіне, маршал Жуковтың медаліне, соғыс ардагері белгісіне, ие болады.
    Соңғы жылдары Қ.Қарпықов  патриоттағы, белсенді өмір ұстанымы, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде көмек көрсеткені үшін қала әкімінің бірнеше мәрте алғысына ие болған.