2022 жылғы 11 қазанда "Саран қаласының мемлекеттік архиві" КММ-нің архивистері қала тұрғындарына "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпараттық брошюраларды тарату бойынша жұмыс жүргізді. Онда мемлекеттік қызметті алу тәртібі, құжаттар пакеті, байланыс телефондары туралы ақпарат бар. Брошюралар мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімді түрде әзірленді. Түсіндіру жұмысы барысында архивист Е.А.Пехтерева электрондық қызметті танымал ету мақсатында, "Электрондық үкімет порталы" арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.