2022 жылдың 14 желтоқсанында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері мен архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсету және қызметтің теріс нәтижелерінің санын азайту мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша Саран қалалық бөлімінде қызметкерлерге дөңгелек үстел өткізілді.
Келесі мәселелер қаралып, талқыланды: www.egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы берілген өтініштегі бағандарды дұрыс толтыру, тегін өзгерту кезінде бағандарды толтыру және жұмыс орны мен жұмыс кезеңдерінің нақты атауын көрсету.