2023 жылдың 20 ақпанында "Саран қаласының мемлекеттік архиві" КММ-де "Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві" тақырыбында жинақтау көздеріне жататын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарға арналған семинар өтті.
Семинардың 1 легіне "Ақтас кенті әкімінің аппараты" ММ, "Саран қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ шақырылды. Семинар барысында қатысушылар дайындалған бейне-сабақ бойынша істер номенклатурасының, қордың, тізімдеменің, істің, архивтік анықтаманың модульдерімен және де құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларымен танысты.