2023 жылдың 28 наурыз айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-нің жоғары санатты архивист А.З.Уалибекованың ұйымдастыруымен «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» тақырыбында жинақтау көздеріне жататын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдарға арналған семинар өтті.
Семинардың 2 легіне «Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, «Саран қаласынын экономика және қаржы бөлімі» ММ, «Саран қаласының тілдерді дамыту» КММ шақырылды. Семинар барысында қатысушылар дайындалған бейне-сабақ бойынша істер номенклатурасының, қордың, тізімдеменің, істің, архивтік анықтаманың модульдерімен және де құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларымен танысты.