Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы шығыс (№01-27.13) хатына байланысты,мемлекеттік және ведомствалық архивтеріне семинар өткізу тапсырмасына сәйкес, 2024 жылғы 29 қаңтар айында Саран қаласының мемлекеттік мекемесінде биылғы жылға арналған жұмыс жоспары бойынша, Жинақтау көзі тізіміне енгізілген мекемелерге Архив ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында
«Іс қағаздарын жүргізу, құжаттардың құндылығына сараптама жүргiзу бойынша, ведомстваллық архивке құжаттарды тұрақты сақтауға тапсыру тақырыбында Саран қаласының Білім бөліміне қарасты мектептерге семинар сабақ өткізілді.
Семинар сабақты ұйымдастырушы Жоғары санатты архивист А.З.Уалибекова, 2 санатты бейнеслайд арқылы мекемелерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жоғары аталған тақырыпқа байланысты кеңестер берді. Семинарға қатысушылардың туындаған сұрақтарына Архив басшысы А.Кулжанбеков кеңейтiлген турде жауап бердi. Семинарға архив ісіне жауапты 13 адам қатысты.