Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің 2024 жылғы 15 қаңтардағы шығыс (№01-27.13) хатына байланысты,мемлекеттік және ведомствалық архивтеріне семинар өткізу тапсырмасына сәйкес, Саран қаласының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен, биылғы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,, Жинақтау көзі тізіміне енгізілген мекемелерге 2024 жылғы 02 ақпан айында архив саласының қағидаларына өзгерістер енгізілгендіктен іс қағаздарын жүргізу мен құжаттандыру және құжаттаманы басқару , архивтік сақтау мәселелері бойынша семинар сабақ өткізілді.

Семинар сабақты архив басшысы А.Кулжанбеков ашты. Семинар барысында мемлекеттік қызмет көрсету архивтік құжаттарды дайындау мен пайдалану бөлім бастығы О.С.Алексеева мен жоғары санатты архивист А.З.Уалибекова– іс қағазадарын жүргізудегі құжат деректемелерін ресімдеу, электрондық құжат айналымы, архивтік сақтау, істерді қалыптастыру тақырыбтары бойынша түсіндірді.

Аталған семинар сабаққа қалалық бала-бақша іс жүргізуші мамандары қатысты. Тыңдаушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, сауалдарға тұжырымды жауаптар алынды. Семинар сабаққа 12 адам қатысты.