Семинарды архив басшысы А.Кулжанбеков ашты.Семинардың мақсаты – ведомствалық архивтердің жұмысын ұйымдастыру, істер номенклатурасын бірыңғай электрондық архивке енгізу, құжаттардың сақталу тәртібін қамтамасыз ету, істерді ведомствалық архивке сақтауға тапсыруға дайындау туралы бойынша Архивтің жинақтау көздері мекемелеріне әдістемелік көмектер көрсету болып табылады.
Семинарға «Саран қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі», «Саран қаласы бойынша Мемлекеттік Салықтар басқармасы», «Саран қалалық мәслихаты», «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі», «Саран қаласының Мәдениет үйі», «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы», «Саран қалалық орталық ауруханасы», «№8 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті », «Саран қаласының орталық кітапханасы», «Саран газеті», «Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі», «Саран техникалық колледжі», "№ 1 мектеп-лицейі, «№ 9 арнайы мектеп-интернаты», "№ 2 жалпы білім беретін мектебі ", «№16 жалпы білім беретін мектеп», «Колокольчик» «Березка» бөбекжайларының мекемелерінің іс қағаздарын жүргізу және архив жұмысына жауапты қызметкерлері ат салысты. Жоғары санатты архивист А.З.Уалибекова қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берді. Барлығы 18 адам қатысты.