2023 жылғы 16 мамыр айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ жұмыс жоспарына сәйкес, Саран қаласының қала Прокуратурасының прокуроры Сейдазым Досбол Өнербекұлы және бұқаралық ақпарат құрал өкілі Саран газетінің тілшісі Қосшыгулов Шапағат Шарапатовичтің қатысуымен қызметкерлердің арасында сыбайластықтың алдын алу, оны болдырмау мақсатында құқықтық түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынды архив басшысы А.Кулжанбеков ашып келген қонақтармен таныстырып, сөз прокуратура қызметкеріне беріліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы мәселелерді талқылады.



Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді жолдары жан-жақты қарастырылып, мамандар тарапынан кейбір заңнамаларға қоғамдағы келелі мәселелерге қатысты қойылған сауалдарға жауап берілді.