2024 жылғы 23 ақпан айында Саран қаласының әкімдігі және маслихат, мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен Достық үйінде жеке тектік қор бойынша сақталуда тұрған қаланың Құрметті азаматы Болат Ешмағамбетовтың 90 жасқа толған мерейтойында салтанатты іс шара өткізілді.

Жиында Саран қаласының әкімі құттықтау сөз сөйледі және қала басшылары мен шақырылған қонақтар қатысты.

Осыған орай, мемлекеттік архивтегі жеке тектік қор Б.Ешмағамбетов жинақтар атты көрмесі өткізілді. Болат Ешмағамбетовтың фотосуреттері мен еңбектері ұсынылған іс шарамен қонақтар танысты. Сонымен қатар, «Архивтер сөйлейді» атты бейнежазба көрсетілді.