
2024 жылғы 22 қаңтар айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету және архивтік құжаттарды дайындау мен пайдалану бөлім бастығы Алексеева О.С. жаңадан келген архив қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызмет көрсетуде Жемқорлыққа жол жоқ» атты түсіндіру оқыту сабағын өткізді.
Түсіндіру оқыту сабағында қызметкерлерге қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеуді түсіндірді.






