
2024 жылғы 29 ақпан айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ-де «Жүйелік сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және жою мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Семинар барысында архивтердегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу шаралары талқыланды. Архив басшысы А.Кулжанбеков сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі екенін, сондықтан әрбір ұйымда, мекемелерде, жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әрбір азаматтың борышы әрі парызы екенін атап өтті.






