2024 жылғы 24 сәуірінде Саран қаласының мемлекеттік архивінің жеке жоспары бойынша Саран қаласының Прокуратурасымен бірлескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында архив қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау бойынша «Жемқорлық індет –жою міндет» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл отырысқа Саран қаласының Прокуроры Қапар Исламхан Сейітханұлы қатысты. Отырысты ашқан Саран қаласының архив басшысы Айдын Кулжанбеков ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевтың өз Жарлығымен ҚР 2022-2026 жылдарға бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасының маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Саран қаласының прокуроры Қапар Исламхан Сейітханұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру болып табылатындығын, оған әрбір азаматтың ортақтасуы қажеттігін баса айтты. Аталған пікірді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жауапты архивст, бұл бағытта ай сайын іс шара өткізілетіндігін үлкен жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті. Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың механизмдерін нығайту, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттау туралы пікір алмасты.