
2024 жылдың 11 шілде айында «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында архивист М.Байсалова "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты баяндамасында, сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да бұл дерттің жаппай жойылу жолын мемлекеттік ызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керектігі туралы жемқорлықты алдын алу шаралары жайлы айтып өтті. Әрқайсысы өз ойларын ортаға салды.






