«Саран қаласының мемлекеттік архиві» КММ –нің Қазақстан Республикасы  мәдениет  және спорт министрінің 2015 жылғы  17 сәуірдегі  № 138 бұйрығымен және Қарағанды облысының әкімдігінің 2015 жылғы
23 маусымдағы №34/01 қаулысымен бекітіліген регламенті бойынша қызмет көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) қызмет беруші (мемлекеттік архив);
2) халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО);
3) www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Пайдаланушы (қызмет алушы) ХҚО-ға немесе архивкеқа жүгінген кезде:
1) жеке басты куәландыратын құжат немесе сенім білдірілген адамның өкілеттілігін растайтын құжат;
2) растауды қажет ететін мәліметтерді, сондай-ақ ЖСН, почталық мекенжайын, байланыс телефонын көрсете отырып, еркін нысанда толтырылған өтінім (хат);
3) еңбек өтілін және қызметақының мөлшерін растау жағдайында еңбек кітапшасының көшірмесін береді.

Порталға жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды береді.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Құжаттарды ХҚО арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Мемлекеттік қызметті  көрсету мерзімі күнтізбелік 14(он төрт) күн.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін екі немесе одан да көп ұйымдардың, сондай-ақ уақыты бес жылдан асқан  кезеңнің құжаттарын  зерделеу қажет болған жағдайларда, мемлекеттік  қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік жиырма тоғыз күннен аспайтын мерзімге ұзартыла алады, бұл туралы құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.
ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут. Мемле  – 15 (он бес) минут.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу мүмкіндігі  бар.

Анықтамалар алу үшін телефон: 8-721-37-3-12-43
8-721-37-7-90-38