2023 жылғы 03 Сәуірде "Саран қаласының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жеке жоспар бойынша "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ"атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелге Саран қаласы мұрағатының қызметкерлері қатысты. Жоғары санатты мұрағатшы Уалибекова Ардақ Зейноллақызы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында 6 міндет қаралғаны туралы баяндама жасады.

📌Егер әрбір адам сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытса, яғни қоғам мен мемлекеттің күш-жігерін біріктірсе, жоғарыда аталған 6 міндеттің орындалуы іске асырылатын болады, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты іске асырылатын болады. Сондықтан қоғам ретінде біз осы міндеттерді орындауға қатысуымыз керек, - деп түсіндірді ол.