Іс-шараға Саран қаласының прокуратурасының прокуроры – Нұрсұлтанов Айбол Сағынайұлы, Саран газетінің тілшісі Д.Әбдіғалиева және №7 мектеп мұғалімдері, қатысты. Отырысты ашқан архив басшысы А.Кулжанбеков мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтар туралы құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауды атап өтті.
Дөңгелек үстел ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қоғамдағы адалдық қағидаттарын нығайту мәселелерін талқылады.