
ТОКУШЕВА (ӨТЕБАЕВА) ЖҰМАБИКЕ МҰХАМЕТЖАРҚЫЗЫ
1954 жылы 19 наурыз айында Омск облысы, Любинск ауданы, Дорого –нацмен ауылында туған. Ұлты – қазақ.
1970 жылы Екібастұздағы тау-кен құрылыс техникумына түсіп, «Өндіріс және әлеуметтік құрылыс» мамандығы бойынша «құрылыс -технигі» біліктілігі бойынша орташа білімді бітірген. Токушева Жұмабике еңбек жолын 1974 жылы 08 мамыр айында "Қарағандыкөмір"Көмір өндіру жөніндегі Қарағанды өндірістік бірлестігіне техник –қамқоршы болып жұмысқа қабылданған. 1974 жылы 01 қазан айында қорғаушы – инженер болып жұмысқа ауыстырылған. 1977 жылы 01 желтоқсан айында №8 тұрғын үй пайдалану орталығна басшы болып тағайындалған.
1996 жылы 01 қазан айында «Саят» пәтер иелерінің тұтыну кооперативінің төрағасы болып тағайындалған. 2012 жылы зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, осы күнге дейін жұмыс істейді. Коммуналдық шаруашылықтағы жалпы жұмыс өтілі 50 жыл. 2021 жылы 02 желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздік» медальімен наградталған. 2022 жылдан бастап 2024 жылға дейін Саран қаласының қоғамдық мүшесі болып сайланған. Саран қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы болып 2025 жылғы 31 желтоқсан айына дейін сайланған.
Саран қалалық Мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №64 шешімімен Саран қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілген.






