ЖАКЕНОВ ҚАБЫШ ЖӘКЕНҰЛЫ
1909 жылы Ақмола облысының Ерейментау ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1932 жылы жүргізуші, кейін механик болып бастаған.1936 жылдан 1941 жылға дейінгі аралықта Қарағанды облысы жер комитетінің мамандар бөлімінде жауапты басшылық қызметін, облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарған.
Әскер қатарына 1941 жылы шілде айында шақыртылады.Өзінің майдандық жолы екінші Украина майданында Кеңес Одағының маршалы Р.Малиновскиге қараған Кутузов атындағы айырықша тапсырмадағы 30- гвардиялық механикаландырылған дивизия құрамында өтті.Қ.Жәкенов алғашында взводты , кейін барлаушылар полкін басқарды.
Қабыш Жәкенұлы Сталинград түбіндегі шайқасқа, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехославакияны азат етуге және фашистерді Берлинде – Рейхстагта тас – талқан етіп жеңуге қатысқан.Майдан жолын Эльбада одақтас әскерлермен кездесуге аяқтайды. Туған елге оралуда Польша шекарасын власовтықтардан тазартуға қатысады.
Қабыш Жәкенов – Саран қаласының байырғы тұрғыны. 30 жылдан астам уақыт «Қарағандыкөмір» комбинаты автобазасын басқарған.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен және Вена, Прага, Берлинді азат етуге қатысқаны үшін медальдарымен марапатталған.
Қабыш Жәкенұлы еңбек жолында «Құрмет белгісі» орденіне және медальдарға ие болған.






