КАРПИКОВ ҚАРАБАЙ ЖҰМАНҰЛЫ
Ақмола облысының, Ақмола ауданы, Жапақ ауылында 1922 жылы
27 желтоқсанда туған.1938 жылы жеті жылдық мектепті бітіреді. Соғысты І атты әскери полкінде минометші болып бастаған. Алты ай дайындықтан өтіп, 1942 жылы 20 наурызда Украин майданына аттанды. Полк Лозовая станциясына келгеннен – ақ, бомбалау басталады. Шегінуге мұқтаж болады. Бір аптадан кейін полк таратылады. Содан соң Қарабай Карпиков маршал Тимошенко басшылық еткен 18-дивизяға түседі. «Біресе шегініп, біресе алға жүрдік. Варшаваға қарай бет алдық. 1945 жылы 6 мамырда Прагаға қарай жақындадық. Қантөгіс ұрыстың барысында қаланы босаттық» - деп Қарабай Жұманұлы еске алады. Жеңістен кейін дивизияны Жапоняға жібереді, бірақ жолды Ленинградқа қарай бұрады. Ол жақта Суярск зауытында тұтқындарды күзетуге қояды. Қарабай Карпиков 1946 жылы әскерден қайтып Қарағандыға келеді. Осында көмір өнеркәсібінде көп жылдар бойы қызмет етеді.Қарабай Жұманұлы жоғары мадақтамалар - Отан соғысының І дәрежелі орденімен, маршал Жуков медалімен, «Соғыс ардагері» белгісімен, марапатталған.






