ҚОЖАНОВ ЖАНҒАЛИ ТӘТТІҒАЛИҰЛЫ

Қожанов Жанғали Тәттіғалиұлы 1942-1945 жылдары майданда болған. Барлаушылар ротасының құрамында әскери жолын Ржевтан Кенигсбергке дейін 153- Қызылтулы ІІ- дәрежелі Кутузов орденді Смоленск атқыштар дивизиясының құрамында жалғастырды. Бірнеше мәрте жараланған сержант. Қожанов Беллоруссияны , Полшадағы Августов қаласын азат ету кезіндегі ерлігі және қаһармандығы үшін «Қызыл Жұлдыз», ІІІ-дәрежелі Даңқ ордені, Отан соғысы ордендерімен, «Үздік барлаушы» құрмет белгісімен, «Біздің ісіміз әділ, біз жеңеміз» медалімен марапатталған. Жанғали Қожанов жараланғаннан кейін 1944 жылы желтоқсан айында Шығыс Пруссияның Граево жерінде бірнеше ай госпитальда жатты. Сол жақ аяғын кескендіктен, Горький қаласында госпитальда ұзақ жатты. Жанғали Қожанов 1945 жылдың 9 мамыры – Жеңіс күнін госпитальда қарсы алды.
1961 жылы Саран қаласына көшіп келеді. Көптеген жылдар бойы қаржы органдарында қызмет атқарған.

Саран қалалық мәслихатының 1996 жылғы ХІІІ сессиясының шешіміміен, Қожановқа Саран қаласының Құрметті атағы берілді.