Зименок Василий Петрович - Қарағанды қаласы 1956 жылы ұйымды іріктеу бойынша келеді және № 20- шахтасына үңгілеуші болып жұмысқа қабылданады. 1958 жылы № 121 шахтаға ауыстырылады. 1959 жылы ұжымен үңгілеушілер бригадирі болып сайланады. 1960 жылы 3 деңгейлі кеншілер даңқы орденімен марапатталды. 1962 жылы 2 деңгейлі кеншілер даңқы орденімен марапатталды. 1966 жылы Ленин орденімен марапатталды. 1970 жылы В.И. Лениннің туғанына 100 жылдығын атап өтудегі Ерен еңбегі үшін мерейтой медалімен марапатталды. 1970 жылы социалистік жарыстағы біріншілігі үшін 1 деңгейлі кеншілер даңқы орденімен марапатталды. 1970 жылы социалистік жарысқа белсене қатысқаны үшін «Құрметті кенші» атағы берілді.
1971 жылы КОКП XXIV партиялық съезінің делегаты болып сайланады. Сол жылы Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі. 1973 – 1974 жж КСРО көмір өнеркәсібі министрлігінің Құрмет тақтасына енгізілді. 1975 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 9 шақырылымының депутаты болып сайланды. 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің 11 шақырылымының депутаты болып сайланды. 1976 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының 14 съезінің делегаты. 1982 жылы Қазақстан кәсіподағының делегаты болып сайланды. 1993 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Бірнеше рет поселкелік, қалалық, облыстық Халық депутаттар кеңесінің депутаты болып сайланды.
1994 жылы еңбек демалысына шықты.
Зименок Василий Петрович
- Hits: 8198