2018 жылғы 08 ақпан айында   «Саран қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомоствалық архивтерді бақылау бөлімі қызметкерлері ұйымдастырған   «Істер номенклатурасын құру және қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті. 

Семинарға  Саран қаласының білім бөлімі, мектептер, бала- бақшалардың іс жүргізу мен ведомоствалық архивке жауапты мамандарынан 40 адам қатысты.

Семинарды жоғарғы санатты архивші А.З.Уалибекова және архивші Н.В.Морозова өткізді.

 

Семинардың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қырқүйектегі № 263 бұйрығымен бекітілген тізбемен таныстыруы. Семинарға   қатысқан мамандар өзара тәжірибе айырбастауын және архив қызметкерлерінің қатысуымен  СК отырыстарын үнемі өткізуін шешті. 

Семинар барысында ведомоствалық архивтердің жұмысына бақылау бөлімінің қызметкерлері қойылған сұрақтарға жауап берді.